jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Сан-Марино құрамасына қарсы ойынды бастайтын футболшылардың тізімі жарияланды

    Абзал Бейсебеков
    Абзал Бейсебеков. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино құрамасына қарсы ойында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абзал Бейсебеков болады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында.

    "Астана Аренада" өтетін іріктеу матчы жұма күні Астана уақытымен 21:00-де басталады. Жартылай қорғаушы Александр Зуев Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізбек. Сергей Малый наурыз айындағы Данияға қарсы жеңісті ойыннан (3:2) кейін алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетеді.

    Қазақстан құрамасының толық бастапқы құрамы мынадай:

    Қақпашы: Игорь Шацкий (№12);

    Қорғаушылар: Марат Быстров (№4), Александр Марочкин (№22), Сергей Малый (№2), (№18) Тимур Досмағамбетов, Бағдат Қайыров (№13);

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (№20), Александр Зуев (№19), Абзал Бейсебеков (№21), Ислам Чесноков (№9);

    Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17).

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама үшін күресті жалғастыруда. Құрамаға мүмкіндікті сақтап қалу үшін қалған іріктеу матчтарында Сан-Марино мен Словенияны жеңу қажет.

    Сан-Марино құрамасына қарсы ойынды бастайтын футболшылардың тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram