Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словения Даниядан жеңілді: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығуы мүмкін

Опубликовано:

Дания құрамасы
Дания құрамасы. Фото: Lars Ronbog / FrontZoneSport via Getty Images

Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасы Словения командасын жеңіп, чемпионатқа мерзімінен бұрын жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кездесу даниялықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Дания құрамасынан Йоаким Меле мен Томас Дилейни гол салса, словениялықтар қатарында Эрик Янжа көзге түсті.

Осылайша, Дания 22 ұпай жинап, Еуро-2024-ке жолдама алды. Екінші тікелей жолдаманы Қазақстан мен Словения құрамалары сарапқа салатын болады.

Қазіргі сәтте словениялықтар 19 ұпаймен екінші орында, қазақстандық команда 18 ұпаймен үшінші орында тұр.

Ел тұрғындары үшін тарихи матч 21 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2046406-sloveniya-daniyadan-zenildi-qazaqstan-quramasy-europa-cempionatyna-syguy-mumkin/

pixel