Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналдудың рекордын жаңартқан шабуылшы кім

Опубликовано:

Роналду мен Лукаку
Роналду мен Лукаку. Фото: LLUIS GENE/POOL/AFP via Getty Images

Бельгия ұлттық құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде ең көп гол соққан футболшы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ромелу Лукаку Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің ең үздік сұрмергені атануға жақын. 19 қарашада Бельгия ұлттық құрамасы өз алаңында Әзербайжан құрамын қабылдап, 5:0 есебімен жеңді. Шабуылшы Лукаку қарсылас қақпасына 4 гол салып, іріктеу ойындарының рекордын жаңартты.

Лукаку – Еуро-2024 чемпионатына іріктеу ойындарының үздік сұрмергені (14 гол). Ал екінші орында Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы – Криштиану Роналду (10 гол).

Осыған дейін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бірде-бір футболшы 14 гол салмаған. Лукаку Солтүстік Ирландия ойыншысы Дэвид Хили (2008 жылы, 13 гол) мен Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскидің (2016 жылы, 13 гол) рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2023 жылы өтіп жатқан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында ең көп гол соққан футболшы – Бахтиер Зайнутдинов (4 гол).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2046624-kristianu-ronaldudyn-rekordyn-zanartqan-sabuylsy-kim/

pixel