jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндігі бар

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойын алдында
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Словения құрамасына қарсы ойын өткізді. Еуропа біріншілігінің жолдамасы сарапқа салынған матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық команда іріктеу кезеңінің топтық жарысында 18 ұпай жинап, 4-орында қалды. Дания мен Словения құрамалары кәрі құрлықтың тартысты бәсекесіне тікелей жолдама алды.

    Алайда Қазақстан ұлттық құрамасының Еуро-2024 турниріне жолдама алатын тағы бір мүмкіндігі бар. 2024 жылдың наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындары басталады. Қазақстандық футболшылар 21 наурыз жартылай финалда Грекиямен күш сынасады. Егер сол матчта жеңсе, 26 наурызда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен финалда кездеседі. Шешуші ойынның жеңімпазы Германияда өтетін чемпионатқа қатысады.

    Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы өткен УЕФА Ұлттар лигасының С тобында 13 ұпай жинап, 1-орын алған еді.

    Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндігі бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.