jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш матчта жеңілді

    Бразилия құрамасының ойыншысы Эндрик
    Бразилия құрамасының ойыншысы Эндрик. Фото: Wagner Meier/Getty Images

    2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты іріктеу ойындары жалғасып жатыр. Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    22 қараша Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:30-да футболдан Бразилия ұлттық құрамасы өз алаңында Аргентина құрамасын қабылдады. Тартысты кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Матчтың жалғыз голын аргентиналық қорғаушы Николас Отаменди салды (63 минутта).

    Ойынның басында алаңға жиналған жанкүйерлер мен тәртіп сақшылары арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Сол себепті кездесу жоспарланған уақыттан 28 минутқа кеш басталды.

    Оңтүстік Америка құрлығының 10 ұлттық құрамасы өзара іріктеу ойындарын өткізуде. Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы орындағы 6 команда 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алады.

    Айта кетейік, футболдан Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан 4 ойын жеңіске жете алмай жүр.

    • 22.11. Бразилия – Аргентина (0:1);
    • 17.11. Колумбия – Бразилия (2:1);
    • 18.10. Уругвай – Бразилия (2:0);
    • 13.10. Бразилия – Венесуэла (1:1).

    Осылайша 2026 жылғы Әлем чемпионатына Оңтүстік Америка аймағы бойынша іріктеуде 6 ойында 7 ұпай жинаған Бразилия құрамасы әзірге 6-орында. Ал Аргентина командасы 6 ойында 15 ұпай иеленіп, көш басында тұр.

    Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия ұлттық құрамасы қатарынан үш матчта жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.