Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Globe Soccer Awards 2023: Месси, Роналду және Холанд жылдың үздік ойыншысы атағына үміткер

Опубликовано:

Роналду және Лео Месси
Роналду және Лео Месси. Фото: Valerio Pennicino - UEFA/UEFA via Getty Images

"Интер Майамидің" ойыншысы Лионель Месси және "Аль-Насрдың" шабуылшсы Криштиану Роналду осы маусымның үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Globesoccer.com сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 19 қаңтары Дубайда Globe Soccer Awards 2023 салтанатты іс-шарасы өтеді. Қатарынан 14 рет ұйымдастырылып жатқан шеруге әлемнің үздік ойыншылары, бапкерлер, топ командалардың президенттері мен жанкүйерлер қатысады.

Жылдың үздіктерін футбол жанкүйерлері таңдайды. Онлайн дауыс беру арқылы 2023 жылы топ жарған спортшылардың есімі белгілі болады.

Globe Soccer Awards 2023 салтанатты іс-шарасында жылдың үздік ойыншысы анықталады. Үміткерлер тізімі осындай:

  • Криштиану Роналду ("Аль-Наср");
  • Лионель Месси ("Интер Майами");
  • Хвича Кварацхелия, Виктор Осимхен (екеуі де – "Наполи");
  • Эрлин Холанн, Хулиан Альварес, Кевин Де Брейне, Рубен Диаш, Фил Фоден, Джек Грилиш, Родри, Бернарду Силва, Эдерсон (барлығы – "Манчестер Сити");
  • Килиан Мбаппе ("ПСЖ");
  • Карим Бензема ("Аль-Иттихад");
  • Николо Барелла, Лаутаро Мартинес (екеуі де — "Интер");
  • Джуд Беллингем, Лука Модрич, Винисиус Жуниор (үшеуі де — "Реал");
  • Яссин Буну ("Аль-Хиляль");
  • Антуан Гризманн ("Атлетико");
  • Илкай Гюндоган, Роберт Левандовски (екеуі — "Барселона");
  • Харри Кейн, Ким Мин Джэ (екеуі — "Бавария");
  • Мартин Эдегор, Букайо Сака (екеуі де — "Арсенал");
  • Андре Онана ("Манчестер Юнайтед");
  • Мохамед Салах ("Ливерпуль").

Айта кетейік, 2010 жылдан берін табысталатын жүлдені ең көп жеңген ойыншы – Криштиану Роналду (6 рет). 2024 жылы өтетін рәсімде жылдың үздік бапкерлері, жас ойыншылары, жартылай қорғаушылары және қақпашылары белгілі болады. Сонымен қатар 2023 жылғы маусымның үздік футбол клубы анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2047116-globe-soccer-awards-2023-messi-ronaldu-zane-xoland-zyldyn-uzdik-oiynsysy-atagyna-umitker/

pixel