jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду қақпаға 30 метр жерден гол салды (видео)

    Криштиану Роналду жасыл алаңда
    Криштиану Роналду. Фото: instagram/cristiano

    Сауд Арабиясы чемпионатының 14-ші туры аясында "Әл-Наср" өз алаңында "Аль-Ахдудты" қабылдады. Алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ойын барысында Криштиану Роналду екі рет гол соқты. Әсіресе, португалиялықтың екінші голы көпшіліктің есінде қалды. Роналду қақпаға 30 метрден доп салған.

    "Ұмытылмас сәт", - деп жазды Әл-Насыр футбол командасы Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, осы уақытқа дейін 38 жастағы португалдық футболшы 2023 жылы өз клубы мен Португалия құрамасы үшін матчтарда 48 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

    Осылайша, Роналду өз мансабында оныншы рет гол+пас жүйесінде 60+ ұпай жинады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.