jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан – Дания матчы Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі ең үздік ойындар қатарына енді

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

    УЕФА Қазақстан – Дания матчын (3:2) Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі ең үздік ойындардың қатарына қосты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    УЕФА сегіз айға созылған іріктеу кезеңі аясында өткен мачтардың ішінен үздік 9 ойынды жариялады. Тізімде Қазақстан мен Дания арасында өткен матч бар.

    ТОП-9 матч:

    • Италия – Англия – 1:2;
    • Франция – Нидерланды – 4:0;
    • Казахстан – Дания – 3:2;
    • Шотландия – Испания – 2:0;
    • Уэльс – Армения – 2-4;
    • Молдова – Польша – 3:2;
    • Португалия – Словакия – 3:2;
    • Болгария – Венгрия – 2:2;
    • Украина – Италия – 0:0.

    Жанкүйерлер Қазақстан құрамасына мына сілтемеге өтіп дауыс бере алады.

    Матч 26 наурыз Астана Аренада өтті. Даниялық футболшы Хойлунд ойынның 21-минутында есеп ашып, 36-минутта дубль жасады. Екінші таймда ғана ұлттық құрама ойыншылары ширақ қимылдап, 73-минутта Бахтиер Зайнутдинов қарсылас қақпасына алғашқы голды салды. Асхат Тағыберген 86-минутта гол соғып, есеп теңестірді. Матч аяқталар тұста Абат Айымбетовтің соққан голы Қазақстан құрамасын алға шығарды. Осылайша ойын 3:2 есебімен аяқталды.

    Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу ойындарының соңғы турында Словенияға 2:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған еді. Алайда қазақстандық футболшылар наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысып, қалған үш жолдаманың біріне таласады.

    Қазақстан – Дания матчы Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі ең үздік ойындар қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram