jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024-ке шықса, Португалиямен ойнайды

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

    Гамбург қаласында 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еуропа чемпионаты 2024 жылғы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Еуропа біріншілігі 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады.

    • А тобы: Шотландия, Швейцария, Германия, Венгрия;
    • В тобы: Хорватия, Италия, Испания, Албания;
    • С тобы: Англия, Дания, Словения, Сербия;
    • D тобы: Франция, Австрия, Нидерланд, A плей-офф іріктеуінің жеңімпазы;
    • Е тобы: Бельгия, Румыния, Слования, В плей-офф іріктеуінің жеңімпазы;
    • F тобы: Португалия, Түркия, Чехия, С плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.

    Қазақстан құрамасы Еуро-2024 чемпионатына шыққан жағдайда F тобында Португалия, Түркия және Чехия құрамаларымен кездеседі. 

    Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында алдымен Грекияны, содан соң Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазын ұтуы керек.

    Ұлттар лигасының плей-офф матчтары 2024 жылғы 21-26 наурыз аралығында өтеді.

    Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024-ке шықса, Португалиямен ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.