Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Килиан Мбаппе "Реал Мадридке" ауысуы мүмкін

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: Marc Atkins/Getty Images

"Реал Мадрид" келер жылы париждік "Пари Сен-Жермен" футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге келісімшарт ұсынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Relevo сайтының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Испаниялық Relevo сайтының журналистері Хорхе Пикон мен Маттео Моретто мадридтік "Реалдың” Мбаппемен келіссөз жүргізу үшін барын салатынын жазды. Испан клубы 2024 жылдың басында футболшыға нақты ұсыныс жасайды.

Еске салайық, 24 жастағы Мбаппе "ПСЖ" сапында 2018 жылғы жаздан бері өнер көрсетеді. Клуб пен футболшы арасындағы өзара келісімшарт келер жылы маусымда аяқталады. "Реал Мадрид" осыған дейін де бірнеше рет Мбаппеге корольдік клубқа ауысуды ұсынған еді.

Биылғы маусымда Мбаппе әртүрлі турнир аясында өткен 17 матчта алаңға шығып, 17 гол салды және екі нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2049034-futbolsy-kilian-mbappe-real-madridke-auysuy-mumkin/

pixel