jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Еуропаның үздік жас футболшысы: Джуд Беллингемге Golden Boy сыйлығы табысталды

    Джуд Беллингем
    Джуд Беллингем. Фото: instagram/goldenboyawards

    "Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 2023 жылғы Golden Boy сыйлығын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ European Golden Boy ұйымының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Golden Boy сыйлығын 2003 жылы Tuttosport газетінің бас редакторы тағайындаған болатын. Бұл марапат Еуропа чемпионаттарының жоғарғы лигаларында ойнайтын 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыларға беріледі.

    Джуд Беллингем 2023 жылғы жаздан бері "Реал Мадрид" сапында ойнайды. Ойыншы клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырған. Футболшының нарықтағы құны 150 миллион еуроға бағаланып отыр. Осы маусымда Беллингем 17 матчқа қатысып, 15 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

    "Реал Мадрид" – әлемдегі ең үлкен клуб. Соңғы 10 жылда бұл команда адам сенгісіз нәтижелерге қол жеткізіп, тарихын байыта түсті. Мұны сырттай көріп таңдай қақтым. Осы клубпен байланысты нәрсенің барлығы мені қызықтырды. Қазір мен осындамын және "Реал Мадридте" ойнау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Себебі бұл мүмкіндік бәріне беріле бермейді", деді Джуд Беллингем марапаттау рәсімінде.

    Айта кетейік, 17 қарашада Джуд Беллингемнің Golden Boy сыйлығына ие болғаны белгілі болды. Ал табыстау рәсімі кеше Турин қаласында өтті.

    Сыйлықтың ең алғашқы жеңімпазы – "Аякс" клубының ойыншысы Рафаэл ван дер Варт. Сонымен қатар әр жылдары Лионель Месси (2005), Сеск Фабрегас (2006), Марио Гетце (2011), Поль Погба (2013), Килиан Мбаппе (2017), Маттейс Де Лигт (2018) және Эрлинг Холанд (2020) сияқты футболшылар ие болды.

    Еуропаның үздік жас футболшысы: Джуд Беллингемге Golden Boy сыйлығы табысталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.