jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубы "Жиронадан" жеңіліп, турнир кестесінде төмендеді

    "Барселона" футбол клубы
    "Барселона" футбол клубы. Фото: Alex Caparros/Getty Images

    Бүгін түнде Испания чемпионатының 16-туры аясында "Барселона" мен "Жирона" футбол клубтары кездесті. Алаң қонақтары "Жирона" 2:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Испания Ла Лигасының 16-турында каталониялық "Барселона" өз алаңында "Жирона" командасын қабылдады. Алайда "Барсаның" алаңы Камп Ноу жөндеу жұмыстарына жабылғандықтан, бұл кездесу Олимпико алаңында өтті.

    Матчтың алғашқы голын алаң қонақтарының шабуылшысы Довбик (12-минут) салды. Десе де 7 минут өткен соң Левандовский бұрыштамадан көтерілген допты қақпаға бағыттап, есепті теңестірді. Ал бірінші таймның 40-минутында Гутьеррес "Жиронаның" екінші голын салып, есепті 1:2 жеткізді.

    Матчтың негізгі уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда, Валери "Барселона" қақпасына гол соғып, есепті ұлғайтты. Десе де жеңіске деген күрес ойынның соңғы минуттарына дейін жалғасты. Мұның дәлелі 90 минутан кейін екі команда екі гол салды. 90+2-минутта Гюндоған "Барсаға" камбэкке деген үміт сыйласа, 90+5-минутта "Жирона" футболшысы Стуани сол үміт отын өшірді. Тартысты матч 2:4 есебімен "Жирона" футбол клубының пайдасына шешілді.

    Айта кетейік, "Жирона" Ла Лиганың 16 тур ойындарының қорытындысы бойынша 41 ұпай жинап, көш бастап тұр. Сонымен қатар испан біріншілігі аясындағы соңғы 10 ойында жеңілмеген ұжым.

    "Барселона" футбол клубы "Жиронадан" жеңіліп, турнир кестесінде төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.