Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар "Манчестер Юнайтед" пен "Бавария" матчында қанша гол соғылатынын болжады

Опубликовано:

Parimatch
Parimatch. Фото: Parimatch

"Бавариямен" өтетін ойынд "Ман Юнайтедке" жеңіс керек, әйтпесе еврокөктемді тек түсінде көретін болады. "Қызыл сайтандар" "Олд Траффордта" таңдай қақтыратын ойын көрсете ала ма, оны Parimatch сарапшылары сараптап көрді.

"Манчестер Юнайтед"

"Қызыл сайтандар" жағдайы бірде көл, бірде шөл болып отыр. Бейсенбіде олар "Челсиді" ойсыратып жеңіп, (2:1), ал сенбіде олар "Борнмутпен" (0:3) мүлдем миға қонбайтын ойын өткізді – ойлағанын іске асыру сәтсіз аяқталды, оған қоса қарсы шабуылдарда жіберілген қателіктер жеткілікті болды. Команданың Чемпиондар Лигасындағы жағдайы мүшкіл.

"Баварияны" жеңу керек , ал топтан шығу үшін – "Копенгаген" мен "Галатасарай" тең ойын өткізуі тиіс. 

"Юнайтед" дәрежесі жағынан "Бавариядан" төмен болса да, қол қусырып отырмайды – гол соғуы тиіс, басқа амалы жоқ. Parimatch сарапшылары олар екі таймда да гол соғуы мүмкін деп санайды. Бұған олар 4.40 коэффициентін ұсынады.

“Бавария” 

Мюнхендіктер қарсыластарына қарағанда әлдеқайда тұрақты, алайда осы демалыс күндері "Айнтрахттан" жеңіліп қалып (1:5) жұрттың таңына қалды.

Нәтижесінде, көшбасшы "Байерден" Тухель бандасы 4 ұпайға артта қалып қойды. Жалпы команда жағдайы жақсы - тіпті қорғаныстағы де Лигтсыз ақсап тұрса да, шабуылда Харри Кейн оттай жанып дайын тұр.

"Баварияның" ойын жүргізу стилі – шайқастың алғашқы минуттарынан бастап қысым жасау. Ол дегеніміз, "ротен"; "Юнайтед"; қақпасына баса- көктеп шабуыл жасап, тез гол соғуы мүмкін. Сарапшылар шайқастың 15-нші минутында "Бавария" есебінде кемінде 1 гол болады деген нұсқасына 4.30 коэффициентін ұсынады.

Аналитика мен болжам

"Бавария" - дәрежесі жағынан да, тұрақтылық жағынан да айқын фаворит.

Бірақ олар өздеріне Чемпиондар лигасының тобынан шығу жолдамасын қамтамасыз етті, ал "МЮ"ға жеңіс ауадай қажет. Сондықтан алдағы матчта мюнхендіктердің үлкен артықшылығы жоқ - 2.39 және 2.70 "қызыл сайтандарда". Parimatch сарапшылары күтетін нәрсе – голдардың көптігі-Чемпиондар лигасында екі команда да гол соғуды жақсы көреді және біледі.

Демек, "тотал 4-тен көп"t; нәтижесі көпшілікті таң қалдырмасы анық. Оны талдаушылар 3.25-ке бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050312-sarapsylar-mancester-yunaited-pen-bavariya-matcynda-qansa-gol-sogylatynyn-bolzady/

pixel