jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Самат Смақов "Астана" футбол клубында басшылық қызметке тағайындалды

    Самат Смақов
    Самат Смақов. Фото: instagram/fca.astana

    Бұрынғы футболшы Самат Смақов елордалық "Астана" футбол клубының техникалық директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Самат Смақов футболшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, қазақ футбол жанкүйерлері арасында танымалдыққа ие болды. Алаңның сыртындағы алғашқы жұмысы "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры қызметі. Одан бөлек семейлік "Елімай" командасында бас бапкер ретінде жұмыс атқарды. Бірінші лигадағы ұжымды Қазақстан Премьер-лигасына шығарды.

    "Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында, алдағы уақытта "Астана" футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді", – "Астана" футбол клубының Instagram желісіндегі жазбада.

    Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады.

    Самат Смақов "Астана" футбол клубында басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.