jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақстандық Месси" алматылық "Қайрат" футбол клубында қалатын болды

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: instagram/f.c.kairat

    Алматылық "Қайрат" футбол клубы Еркебұлан Сейдахметпен арадағы келісімшартты ұзартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет пен "Қайрат" футбол клубтары арасындағы жаңа келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

    2022/23 жылғы маусымда Сейдахмет алматылық команда сапында барлық турнирде 27 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында 26 ойында 44 ұпай жинап, 4-орын иеленген еді. Алматылық ұжым келер маусым еурокубок ойындарына қатыса алмайды.

    Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахметтің "Ақсу" футбол клубының қақпасына соққан голы ҚПЛ-дың 2023 жылғы маусымның үздік голы болып танылған еді.

    "Қазақстандық Месси" алматылық "Қайрат" футбол клубында қалатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.