jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Көзі көгеріп кеткен": Мауро Икарди жарақат алып қалды (фото)

    Мауро Икарди
    Мауро Икарди. Фото: Cagatay Kenarli/ dia images via Getty Images

    Түркияның "Галатасарай" футбол клубында өнер көрсететін ойыншы Мауро Икарди матч кезінде кішігірім жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболдан Түркия чемпионатының 18-туры аясында өткен матчта "Фенербахче" командасы өз алаңында "Галатасарай" ұжымын қабылдады. 90 минутқа созылған тартысты кездесуде гол соғылмады (0:0).

    Десе де ойынның алғашқы таймында "Фенербахче" командасының қорғаушысы Александер Джикудың қолы аргентиналық шабуылшының бетіне тиген. Бұл оқиға қақпа маңында болғанымен, төреші назар аудармады.

    Ал "Галатасарай" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында осы жағдайға қатысты мәлімдеме жарияланды.

    "ВАР және 26 камера ештеңе көрмейді! Біздің футболды осындай деңгейге әкелген әрбір адам ұялуы керек!", – делінген "Галатасарайдың" ресми мәлімдемесінде.

    Айта кетейік, Мауро Икарди өнер көрсететін "Галатасарай" футбол клубы Түркия чемпионатының кестесінде 44 ұпаймен 2-орында тұр. Ал Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Бешикташ" командасы 16 ойында 26 ұпай жинап, 6-орынға жайғасқан.

    "Көзі көгеріп кеткен": Мауро Икарди жарақат алып қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.