jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орынға жоғарылады

    Қазақстан футзал құрамасы
    Қазақстан футзал құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 2416 ұпаймен төртінші орынға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі УЕФА қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рейтингке сүйенсек, Қазақстан құрамасы Португалия, Ресей, Испания мемлекеттерінен кейін төртінші орында тұр.

    УЕФА рейтингіндегі топ-10 құрама:

    1. Португалия (2615,963);
    2. Ресей (2547,159);
    3. Испания (2486,456);
    4. Қазақстан (2416,503);
    5. Украина (2056,591);
    6. Хорватия (1976,252);
    7. Финляндия (1970,212);
    8. Франция (1967,701);
    9. Польша (1924,072);
    10. Словения (1898,780).

    Еске салайық, бұған дейін әлемдік рейтингте ұлттық құрама 1612 ұпаймен 6-орында тұрғанын жазғанбыз. Мұндай нәтижеге қазақстандық футзал ойыншылары 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алғаннан кейін қол жеткізді. Қазақстан құрамасы ӘЧ-2024 іріктеуінде алты ойынның барлығында жеңіске жетті.

    Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орынға жоғарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.