jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

    Дәурен Тұрсағұлов
    Дәурен Тұрсағұлов. Фото: ANP via Getty Images

    Футзалдан ерлер құрамаларының әлемдік рейтингі жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасы үздік ондықта. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Futsal Planet порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рейтингте Қазақстан құрамасы 1612 ұпаймен 6-орынға жайғасты. Алғашқы бестікте Бразилия, Испания, Португалия, Аргентина және Ресей тұр.

    Futsal Planet жариялаған рейтинг:

    1. Бразилия – 1837 ұпай;
    2. Испания – 1785 ұпай;
    3. Португалия – 1745 ұпай;
    4. Аргентина – 1741 ұпай;
    5. Ресей – 1700 ұпай;
    6. Қазақстан – 1612 ұпай;
    7. Иран – 1600 ұпай;
    8. Парагвай – 1499 ұпай;
    9. Италия – 1440 ұпай;
    10. Украина – 1433 ұпай.

    Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде алты ойынның барлығында жеңіске жетіп, Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алған еді.

    Материал авторы: Асылан Маханов

    Ресми: футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.