jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Магомед Адиев: Ресейлік клубтар бапкерлік қызметке шақырса, бас тартамын

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото : kff.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Ахмат" құрамасынан кетуі туралы және осы қыста РПЛ клубында қызмет ету ықтималдығы жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Кезінде мен Ресейде сұранысқа ие маман болғым келетін. Дегенмен мен ол жақта өстім, ойнадым, мәнсабымның көп бөлігін сол жақта өткіздім. Бірақ сені бағаламаса, өзіңнің кім екеніңді таныту үшін кету керек екен. Кеткеннен кейін ғана өз елің саған назар аудара бастайды.

    Мен жаттықтырып бастағанда, ұйықтасам да түсімде "Ахматты" көретін едім. Мені онымен байланыстыратын көп нәрсе бар: Грозныйда туылдым, команда құрамында ойнадым, ал әкем "Теректе" ұзақ уақыт жұмыс істеген. Футболшы ретінде мен бұл командаға қолымнан келгеннің бәрін бермеген сияқтымын. Белгілі бір дәрежеде тағы да көмектескім келіп, бапкер болдым. Уақыт өте келе мен бұл ойды қалдырдым. Сені көруге құштар жерде жұмыс істеу - ең дұрысы деп шештім.

    Егер мені РПЛ-ға шақыратын болса, мен бас тартамын. Өйткені алда наурыз айындағы ойындар бар.Ұсыныстар болды, бірақ мен бас тарттым. Қазір бізде Еуроға шығуға екінші мүмкіндік бар, соны жіберіп алмауымыз керек",– деді Адиев.

    Айта кетейік, Магомед Адиев 2021 жылы 16 сәуірде қазақстандық "Шахтер" командасына бапкер болып тағайындалған еді. Ал 2022 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарады.

    Магомед Адиев: Ресейлік клубтар бапкерлік қызметке шақырса, бас тартамын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.