jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    54 гол соққан Роналду 2023 жылдың үздік cұрмергені атанды

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/cristiano

    38 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду 2023 жылдағы 54-голын соғып, үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті матчында "Әл-Наср" клубы "Әл-Таавунды" 4:1 есебімен жеңді. Осы матчтың соңғы минуттарында "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду 2023 жылдағы 54-голын соқты. Сөйтіп португалиялық футболшы гол саны бойынша "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе мен "Бавария" ойыншысы Харри Кейнді артта қалдырды. Ол екеуінің қоржынында 52 голдан бар.

    Бір жылда 54 гол салу - Роналду 2016 жылдан бері жеткен үздік нәтиже. Осы нәтижеден кейін ол Instagram желісінде жазба жариялады.

    "54 – қашан аяқтайтынымды өзім айтам! Рақмет, команда!", - деп жазды футболшы.

    Бұған дейін Роналду дубль саны бойынша "Интер Майамидің" шабуылшысы Лионель Мессимен теңескенін жазғанбыз. Ол "Әл-Наср" мен "Әл-Иттихад" клубы арасындағы кездесуде 157-дублін жасаған еді.

    Қазір "Әл-Наср" клубы футболдан Сауд Арабия чемпионатының турнир кестесінде 46 ұпаймен екінші орында тұр.

    54 гол соққан Роналду 2023 жылдың үздік cұрмергені атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.