jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешікташ" футбол клубындағы жалақысы белгілі болды

    Бахтиер Зайнутдинов
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

    Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешікташ" футбол клубынан алатын жалақысының көлемі қандай екені анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Football Critix порталының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Football Critix порталының хабарлауынша, Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташ" футбол клубында жылына 1 200 000 еуро жалақы алады. Десе де бұл түркиялық клубтағы ең жоғарғы көрсеткіш емес. "Бешікташта" ең көп жалақы алатын футболшы – шабуылшы Венсан Абубакар. Камерундық ойыншы жылына 3 110 000 еуро табады.

    Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташ" футбол клубына 2023 жылдың тамыз айында ауысқан еді. Түркиялық клуб сапында 20 матч өткізіп, 1 голмен көзге түсті.

    Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешікташ" футбол клубындағы жалақысы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.