jitsu gif
Спорт

    "Елімай" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысын сатып алды

    Роман Мұртазаев
    Роман Мұртазаев. Фото: instagram/murtazinho

    Семейлік "Елімай" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Роман Мұртазаевты команда сапына қосты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Елімай" клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    30 жасар қазақстандық шабуылшы Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Роман кәсіби футболшы мансабында "Шахтер", "Ертіс", "Астана", "Тобыл" және ресейлік "Балтика" клубтарында доп тепті.

    Сонымен қатар, шабуылшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Ұлттық құрама сапында 25 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Роман Мұртазаев "Елімай" футбол клубына қарағандылық "Шахтердан" ауысып келді.

    Айта кетейік, Роман бастаған "Шахтер" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында 29 ұпай жинап, 10-орынға табан тіреген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.