Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубына оралуы мүмкін
Опубликовано:
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубына оралуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ meta-ratings.kz порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Словенияның "Копер" футбол клубында өнер көрсететін қазақстандық ойыншы Рамазан Оразов "Ақтөбе" командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін. Meta-ratings.kz порталының хабарлауынша, 25 жастағы ойыншының командаға қосылуын облыс әкімі Асхат Шахаровтың өзі қалап отыр екен. Сонымен қатар, Оразов "Ақтөбе" командасына Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қосылады.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алматылық "Қайрат" командасының түлегі. Одан бөлек "Тобыл", "Ақсу", және ресейлік "Чайка" командасында доп тепкен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053734-ramazan-orazov-aqtobe-futbol-klubyna-oraluy-mumkin/