Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПСЖ футбол клубы Франция Суперкубогын 12-рет жеңіп алды

Опубликовано:

"ПСЖ" футболшылары
"ПСЖ" футболшылары. Фото: instagram.com/psg

"Пари Сен-Жермен" футбол клубы Франция суперкубогы үшін таласта "Тулузаны" жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алғашында кездесу жаз айында Тайландта өтеді деп жоспарланған еді. Алайда матч Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті. Ойын 2:0 есебімен аяқталып, "ПСЖ"-ның пайдасына шешілді. Жеңімпаз командадан Лин Кан Ин (3-минутта) және Килиан Мбаппе (44-минутта) гол салды.

Осылайша "ПСЖ" 12-рет Франция суперкубогын жеңіп алды. Бұл – турнирдің рекорды. Суперкубок алу жөнінен франциялық клубтар арасында екінші орында "Лион" тұр. Бұл команда 8 рет жеңіске жеткен.

2013 жылдан бері Суперкубок бір-ақ рет "ПСЖ"-ға бұйырмаған. 2021 жылы "Лилль" клубы париждіктерден жеңісті жұлып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053845-psz-futbol-kluby-franciya-superkubogyn-12-ret-zenip-aldy/

pixel