jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    FIFA нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік ойыншылары құрамына үміткерлер тізімі жарияланды

    Джуд пен Рюдигер
    Джуд пен Рюдигер. Фото: Alvaro Medranda/Quality Sport Images/Getty Images

    Халықаралық кәсіби футболшылар қауымдастығының федерациясы (FIFPro) үздік ойыншылардан тұратын World 11 2023 құрамасына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIFPro ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    FIFA FIFPRO World 11 2023 құрамасына үміткер ойыншылар:

    2023 жылдың үздіктер құрамына үміткер ойыншылар
    2023 жылдың үздіктер құрамына үміткер ойыншылар. Скриншот: fifpro.org
    • Қақпашылар: Тибо Куртуа ("Реал"), Эдерсон ("Манчестер Сити"), Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла").
    • Қорғаушылар: Рубен Диаш ( "Манчестер Сити"), Вирджил Ван Дейк ("Ливерпуль"), Эдер Милитао ("Реал"), Антонио Рюдигер ("Реал"), Джон Стоунз ("Манчестер Сити"), Кайл Уокер ("Манчестер Сити").
    • Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем ("Реал"), Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити"), Илкай Гюндоган ("Барселона"), Лука Модрич ( "Реал"), Родри ("Манчестер Сити"), Бернарду Силва ("Манчестер Сити"), Федерико Вальверде ("Реал")
    • Шабуылшылар: Карим Бензема ("Әл-Иттихад"), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Гарри Кейн ("Бавария"), Килиан Мбаппе ("ПСЖ"), Лионель Месси ("Интер Майами"), Криштиану Роналду ("Әл-Наср"), Винисиус Жуниор ("Реал").

    Жеңімпаздар 2024 жылдың 15 қаңтарында Англияның Лондон қаласында өтетін Best FIFA Football Awards марапатында белгілі болады.

    FIFA нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік ойыншылары құрамына үміткерлер тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.