Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы өтетін ең маңызды футбол бәсекелері

Опубликовано:

Кевин Триппьер
Футболшы Кевин Триппьер. Фото: Marc Atkins/Getty Images

2024 жылы бірнеше маңызды футбол турнирлері өтеді. Әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрамасының намысын футзалшыларымыз қорғайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Еуропа чемпионаты

Еуро-2024 логотипі
Еуро-2024 логотипі. Фото: Lukas Schulze - UEFA/UEFA via Getty Images

Биыл 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда футболдан Еуропа чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа 24 команда қатысады. Құрлықтық дода Германияның Берлин, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт сияқты қалаларында болады.

2023 жылдың желтоқсан айында Eуро-2024 турнирінің жеребесі тартылған еді. Соның нәтижесі бойынша ұлттық құрамалар 6 топқа бөлінді:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Нидерланд, Австрия, Франция және Ұлттар лигасындағы А тобының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия)

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния және Ұлттар лигасындағы B тобының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина).

F тобы: Португалия, Түркия, Чехия және Ұлттар лигасындағы С тобының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия).

Африка құрлығының кубогы

Африка Кубогы
Африка Кубогы. Фото: ISSOUF SANOGO/AFP via Getty Images

Бұл турнир 13 қаңтар – 11 ақпан аралығында Батыс Африкадағы Кот-д’Ивуар республикасында болады. Бәсекеге 24 африкалық құрама қатысады. Матчтар Абиджан, Буаке, Сан-Педро, Ямусукро және Корого қалаларында өтпек.

Соңғы рет Африка кубогын 2022 жылы Сенегал құрамасы жеңіп алған. Сенегалдықтар финалда Египет құрамасымен кездесіп, пенальти сериясы арқылы 4:2 есебімен ұтқан еді.

Азия құрлығының кубогы

Қатар ұлттық құрамасы
Қатар ұлттық құрамасы. Фото: ROSLAN RAHMAN/AFP via Getty Images

Азия мемлекеттерінің футбол додасы 12 қаңтар – 10 ақпан аралығында 24 құраманың қатысуымен Қатар мемлекетінде өтеді. Турнирде Орталық Азиядан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері бақ сынайды. Жеребе тарту рәсімі 2023 жылдың мамыр айында болған еді.

А тобы: Қатар, Қытай, Тәжікстан, Ливан;

B тобы: Өзбекстан, Аустралия, Сирия, Үндістан;

C тобы: Иран, БАӘ, Гонконг, Палестина;

D тобы: Жапония, Индонезия, Ирак, Вьетнам;

E тобы: Оңтүстік Корея, Малайзия, Иордания, Бахрейн;

F тобы: Сауд Арабиясы, Таиланд, Қырғызстан, Оман.

Америка құрлығының кубогы

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Christian Alvarenga/Getty Images

Аталмыш жарыс 20 маусым – 14 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Бұл турнирге 16 ұлттық құрама қатысады. Осыған дейін өткен жеребе қорытындысы бойынша командалар 4 топқа бөлінді.

A тобы: Аргентина, Перу, Чили, Канада/Тринидад және Тобаго.

B тобы: Мексика, Эквадор, Венесуэла, Ямайка.

C тобы: АҚШ, Уругвай, Панама, Боливия.

D тобы: Бразилия, Колумбия, Парагвай, Коста-Рика/Гондурас.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары

Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі
Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

4 жылда бір болатын дүниежүзілік дода Францияда 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Футболдан Олимпиада жүлдесіне 28 құрама таласады (12 әйелдер, 16 ерлер құрамасы). Матчтар Францияның 6 cтадионында өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053882-2024-zyly-otetin-en-manyzdy-futbol-basekeleri/

pixel