"Қайрат" футзал клубы бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футзал клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматылық команданың жаңа ойыншысының есімі – Рикардиньо. Ол Бразилияның "Magnus futsal" клубынан ауысып келді. 25 жастағы ойыншымен келісімшарт 2026/27 маусымның соңына дейін жасалды.
Рикардиньо "Magnus futsal" сапында 2018-2023 жылдар аралығында ойнаған. Осы аралықта бразилиялық клуб 13 турнирде жеңіске жеткен.
"Жаңа ойыншымызға сәттілік және "Қайрат" сапында үлкен жеңістер тілейміз", – деп жазды "Қайрат" футзал клубы Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, жақында "Қайрат" футзал командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалда "Қайрат" клубы "Cемеймен" кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Осылайша алматылық клуб 19-рет Қазақстан чемпионы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053953-qairat-futzal-kluby-zana-oiynsyny-tanystyrdy/