Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы
"Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram.com/afckairat

Футзалдан Қазақстан кубогының финалында "Қайрат" пен "Cемей" командалары кездесті. Алматылық "Қайрат" қарсыласын 5:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Финалдық кездесу Түркістанда өтті. Алғашқы таймда екі команда бір-біріне есе жібермеді. Матч есебін "Cемей" ойыншысы Дедезиньо Андерсон ашты. Кейін "Қайрат" cапынан Дәурен Тұрсағылов есепті теңестірді. Артынша оның командаласы Денер Родриго басымдықты арттырып еді, қарсылас клубтың ойыншысы Гильерме Тейшейра есепті 2:2 қылды. Алайда бірінші таймның аяқталуына 8 секунд қалғанда Денер Родриго дубль жасап, екінші голын соқты. Алғашқы тайм 3:2 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілді.

Келесі таймда семейлік Дедезиньо Андерсон көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Кейін "Қайрат" Эдсонның голы арқылы қайтадан алға шықты. Матчтың шешуші голын алматылық клуб сапынан Денер Родриго салды.

Осылайша "Қайрат" футзал командасы 19-рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал "Семей" күміс жүлде иеленсе, "Ақтөбе" қола жүлдені місе тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053366-qairat-futzal-komandasy-qazaqstan-kubogyn-zenip-aldy/

pixel