Испания кубогының 2023-2024 жылғы маусымдағы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Испания футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен маусымда чемпион атанған "Реал Мадрид" биыл жарыстың 5-кезеңінде "Атлетико Мадридке" қарсы ойнайды. Ал "Барселона" клубы "Унионистас де Саламанкамен" келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салады.
1/8 финалдың жеребе қорытындысы:
- "Унионистас де Саламанка" — "Барселона";
- "Тенерифе" — "Мальорка";
- "Хетафе" — "Севилья";
- "Осасуна" — "Реал Сосьедад";
- "Валенсия" — "Сельта";
- "Атлетик" — "Депортиво";
- "Атлетико" — "Реал Мадрид";
- "Жирона" — "Райо Вальекано";
Айта кетейік, Испания кубогының 1/8 финалы 16-18 қаңтар аралығында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054525-atletiko-madrid-real-madrid-ispaniya-kubogynyn-18-finalynyn-zerebesi-tartyldy/