jitsu gif
Спорт

    "Атлетико Мадрид" – "Реал Мадрид": Испания кубогының 1/8 финалының жеребесі тартылды

    Кубок
    Кубок. Фото: rfef.es

    Испания кубогының 2023-2024 жылғы маусымдағы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Испания футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өткен маусымда чемпион атанған "Реал Мадрид" биыл жарыстың 5-кезеңінде "Атлетико Мадридке" қарсы ойнайды. Ал "Барселона" клубы "Унионистас де Саламанкамен" келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салады.

    1/8 финалдың жеребе қорытындысы:

    • "Унионистас де Саламанка" — "Барселона";
    • "Тенерифе" — "Мальорка";
    • "Хетафе" — "Севилья";
    • "Осасуна" — "Реал Сосьедад";
    • "Валенсия" — "Сельта";
    • "Атлетик" — "Депортиво";
    • "Атлетико" — "Реал Мадрид";
    • "Жирона" — "Райо Вальекано";

    Айта кетейік, Испания кубогының 1/8 финалы 16-18 қаңтар аралығында өтеді.

    "Атлетико Мадрид" – "Реал Мадрид": Испания кубогының 1/8 финалының жеребесі тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.