Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Арнольд Кнауб
Арнольд Кнауб. Фото: kff.kz

Алматылық "Қайрат" футзал командасы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнаубпен келісімшартқа отырды. бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футзал клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жетісу" футзал клубының ойыншысы Арнольд Кнауб алматылық "Қайрат" сапына ауысты. Келісімшарт 2023/24 жылғы маусымның соңына дейін жасалды.

Арнольд – футзалдан Қазақстан чемпионатының 5 дүркін күміс жүлдегері, 2 рет Қазақстан Суперкубогының күміс медаль иегері атанған және Қазақстан ұлттық құрамасының ойышысы.

Кнауб футзалдағы кәсіпқой мансабын 2012 жылы "Тұлпар" клубынан бастаған. Ал 2016 жылы "Жетісуға" ауысып, 4 маусым бойы сол команданың намысын қорғады. Кейін "Ақтөбе", "Динамо-Самара", "Каспий" сияқты ұжымдарда да доп тепкен.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалисі.

Айта кетейік, осыған дейін "Қайрат" футзал клубы бразилиялық футболшымен келісімшартқа отырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054542-qairat-futzal-kluby-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-oiynsysymen-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel