jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы қостанайлық "Тобылға" ауысуы мүмкін

    Денис Черышев
    Денис Черышев. Фото: instagram.com/cheryshev90

    Италиялық "Венеция" футбол клубының 33 жастағы жартылай қорғаушысы және "Реал Мадрид" командасының бұрынғы ойыншысы Денис Черышев қостанайлық "Тобыл" ұжымына ауысуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тобыл" командасы Ресей ұлттық құрамасының және "Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы Денис Черышевпен келіссөздер жүргізуде.

    33 жастағы ресейлік футболшы Б сериясындағы италиялық "Венеция" клубында ойнайды. Денистің қазіргі командасымен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін созылады. Черышев "Венециямен" келісімшартын екіжақты ортақ шешіммен бұзуға келісуді жоспарлап отыр.

    Естеріңізге сала кетейік, Денис Черышев – мадридтік "Реалдың" бұрынғы ойыншысы. 2013 жылға дейін әр түрлі жастағы командаларда, оның ішінде "Кастилья" құрамасында да өнер көрсетті. 2012-2013 жылғы маусымда "Реал Мадридтің" негізгі құрамында дебют жасап, команда сапында 7 матч өткізді.

    Денис кәсіпқой футболшы мансабында 365 ойын өткізіп, 49 гол және 41 нәтижелі паспен көзге түсті.

    "Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы қостанайлық "Тобылға" ауысуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.