Қазақстандық бапкер Алмас Құлшынбаев грозныйлық "Ахмат" клубынан кеткен Марат Быстровтың "Астана" командасына ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің ойымша, бұл Быстров үшін ең дұрыс шешім. Марат "Ахмат" футбол клубының негізгі құрамындағы орнынан айырылып қалды. Отанына оралып, елдің ең жақсы клубтарының бірінде ойнау – ең жақсы нұсқа. Бастысы Вороговский сияқты болып қалмаса болды. Ян Қазақстан чемпионатына қайтып оралғаннан кейін жақсы ойын көрсете алмай жүр. Марат – мінезді жігіт, менің ойымша, ол дұрыс шешім қабылдады", - деді маман.
Айта кетейік, meta-rаtings.kz ақпараты бойынша футболшы "Астанаға" тегін ауысып, 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған.
Осыған дейін тараптардың келісімі бойынша Быстров грозныйлық "Ахмат" құрамасымен қош айтысқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054976-marat-minezdi-zigit-qazaqstandyq-bapker-futbolsy-marat-bystrov-turaly-pikirin-aitty/