jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Ахмат" футбол клубы қазақстандық ойыншы Марат Быстровпен қоштасты

    Марат Быстров
    Марат Быстров. Фото: kff.kz

    Ресейлік "Ахмат" клубы қазақстандық футболшы Марат Быстровпен екіжақты мәміле бойынша келісімшартты бұзды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ахмат" футбол клубының ВКонтакте-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболшы грозныйлық "Ахмат" командасында соңғы 4 маусым қатарынан ойнап, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған еді. Ал ұлттық команда сапында 80 матч өткізді.

    "Ахмат" футбол клубы Vkontakte-дегі ресми парақшасында Марат Быстровқа алғыс білдіріп, жазба қалдырды:

    "Маратқа командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, үлкен табыстар мен сәттілік тілейміз".

    Быстров футболшы мансабын 2014 жылы "Челябинск" футбол клубынан бастаған еді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында бапкер Михаил Билектің шақыртуымен 2019 жылы 21 ақпанда Молдова ұлттық құрамасына қарсы Антальяда өткен жолдастық матчта дебют жасаған. Қазақстандық ойыншы осыған дейін "Ордабасы", "Тобыл", "Тамбов" командаларында да өнер көрсеткен.

    "Ахмат" футбол клубы қазақстандық ойыншы Марат Быстровпен қоштасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.