jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубы Испания Суперкубогының финалына шықты

    "Барселона" ойыншылары
    "Барселона" футболшылары. Фото: JOSEP LAGO/AFP via Getty Images

    Испания Суперкубогының 1/2 финалында "Барселона" мен "Осасуна" футбол клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жартылай финалдық ойын Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтті.

    Матчтың алғашқы таймында есеп ашылмады. Ал екінші таймның 59-минутында "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски гол салды. Кейін 90+3-минутта оның командаласы Ламин Ямал есепті еселеді. Осылайша "Барселона" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

    Енді "Барселона" командасы ақтық бәсекеде "Реал Мадридпен" ойнайды. Еске салайық, "Реал Мадрид" клубы "Атлетиконы" 5:3 есебімен жеңіп, финалға өткен еді.

    "Барселона" осы уақытқа дейін Испания Суперкубогын 14 рет, ал "Реал Мадрид" 12 рет иеленген.

    "Барселона" футбол клубы Испания Суперкубогының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.