jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубының 16 жастағы ойыншысы Испания Суперкубогының рекордын орнатты

    Ламин Ямал
    Ламин Ямал. Фото: instagram.com/lamineyamal

    "Барселона" футбол клубының ойыншысы Ламин Ямал Испания Суперкубогының жартылай финалында рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барселона" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта "Барселона" мен "Осасуна" клубтары кездескен еді. Аталмыш матч Испания Суперкубогының финалына жолдаманы сарапқа салды. Осы ойында "Барселона" 2:0 есебімен басым түсті. Жеңімпаз команданың екінші голын 16 жастағы Ламин Ямал салды. Осылайша Испания Суперкубогының тарихында алаңға шыққан және гол соққан ең жас футболшы атанды.

    Ямал өткен жылы сәуір айында Ла Лиганың кезекті матчында "Барселона" құрамында дебют жасаған еді. Ол "Бетис" клубына қарсы ойынның 86-минутында алаңға шыққан.

    Тransfermarkt порталының мәліметінше, Ламин Ямалдың трансферлік нарықтағы құны – 60 миллион еуро.

    Айта кетейік, Испания Суперкубогының финалында "Барселона" командасы "Реал Мадридке" қарсы ойнайды.

    "Барселона" футбол клубының 16 жастағы ойыншысы Испания Суперкубогының рекордын орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.