54 жастағы украиналық бапкер "Ақтөбе" футбол клубының қақпашыларын жаттықтырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" клубының ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Валерий Ситало футболшы мансабында Украина, Венгрия, Германия және Ресей клубтарында өнер көрсеткен. Бапкер ретінде украиналық "Рось" клубында мансабын бастап, 2003 жылы Қазақстанға келді. "Атырау" командасында үш жыл қызмет атқарып, 2006 жылдан осы күнге дейін қарағандылық "Шахтер" клубында еңбек етті.
Қазақстандық қақпашылар Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов және Игорь Шацкий сияқты мықты қақпашылардың кәсіби маман болып қалыптасуына себепкер болды.
Валерий Леонидович "Ақтөбе" командасымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашыларын дайындайды. Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкийді сатып алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055586-aqtobe-klubynyn-qaqpasylaryn-ulttyq-quramanyn-bapkeri-zattyqtyrady/