jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Игорь Шацкий "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы атанды

    Игорь Шацкий
    Игорь Шацкий. Фото: instagram/fcaktobe_official

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий "Ақтөбе" футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" клубының Instagram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    34 жастағы қақпашы "Шахтер" футбол клубының түлегі және мансабының көп бөлігін қарағандылық командада өткізді. Сондай-ақ астаналық "Жеңіс" пен қостанайлық "Тобыл" сапында да өнер көрсетті.

    2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға шақырту алған Игорь команданың негізгі қақпашысына айналды. 2022 жылы "Қазақстан Премьер лигасының үздік қақпашысы" атанып, "Жыл спортшысы" номинациясында ұлттық жүлде иегері атанды.

    Еске салайық, Игорь Шацкий бастаған Қазақстан ұлттық құрамасы көктемде Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. Жартылай финалда Грекия ұлттық құрамасын жеңсе, финалда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

    Ресми: Игорь Шацкий "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.