Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы екі ойыншымен келісімшарт жасасты

Опубликовано:

Рамазан Каримов
Рамазан Каримов. Фото: instagram.com/fca.astana

Елордалық "Астана" футбол клубы екі ойыншымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық команда сапына Рамазан Каримов пен Марат Быстров қосылды.

Рамазан Каримов — "Астана" футбол клубының түлегі. 24 жастағы шабуылшы кейінгі екі маусымда "Мақтаарал" сапында ойнап, 19 голмен және 6 нәтижелі паспен көзге түскен. Рамазанмен 2024 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасалды.

Марат Быстров – футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы. Ол осыған дейін Ресейдің "Ахмат" футбол клубында ойнап, 80-астам матч өткізген. Маратпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Айта кетейік, қазір "Астана" футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаттығудың алғашқы кезеңі 31 қаңтарға дейін болады. Кейін аздаған үзілістен соң команда 4 ақпанда Дубайда бас қосып, 22 ақпанға дейін дайындықты жалғастырмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056327-astana-futbol-kluby-eki-oiynsymen-kelisimsart-zasasty/

pixel