Франциялық "ПСЖ" футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппеге жаңа келісімшарт ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RMC Sport порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
RMC Sport порталының журналисі Стефан Ги футболшы Килиан Мбаппеге ұсынылған жаңа келісімшарт жайлы айтты.
"Мәселе оның анасы ұстайтын ақшада болса, "ПСЖ" клубымен ешкім таласа алмайды. Өйткені, олар Мбаппеге құны 400 миллион еуро тұратын 4 жылдық келісімшарт ұсынып отыр.
Envoyé Spécial-дың деректі фильміне сүйенсек, қазір Килиан жарнамадан түсетін табысты қоса есептегенде жылына 100 миллион еуро табыс табады. "ПСЖ" оған жылына 100 миллион еуро төлеуге дайын", – деді RMC Sport комментаторы Стефон Ги.
Еске сала кетейік, Мбаппе 2018 жылдан бері "ПСЖ" сапында ойнайды. Футболшы "ПСЖ" клубының осы маусымдағы 25 матчында 26 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056386-psz-futbol-kluby-mbappege-quny-400-million-euro-turatyn-kelisimsart-usyndy/