jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Чили чемпионатының командасына ауысты

    Артуро Видаль және Месси
    Артуро Видаль және Месси. Фото: Michael Regan - UEFA/UEFA via Getty Images

    Жартылай қорғаушы Артуро Видаль чилилік "Коло-Коло" футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Коло-Коло" футбол клубының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Видаль кәсіби мансабын "Коло-Коло" футбол клубында бастаған. Команда сапында 2006-2007 жылдары өнер көрсетті. "Коло-Коломен" бірге Чили Лигасын үш рет жеңіп алды. Кейін германиялық "Байер" клубына ауысты. Артуро клубқа араға 17 жыл салып оралып отыр. Жартылай қорғаушы осы аралықта "Ювентус", "Барселона", "Бавария", "Интер" сынды командаларда өнер көрсеткен.

    Аталмыш клуб 36 жастағы футболшымен бір маусымға жарамды келісімшартқа қол қойды. Артуро Видаль кәсіпқой мансабында 821 матч өткізіп, 145 голмен көзге түсті.

    Сантьяго қаласының "Коло-Коло" футбол клубы Чили Чемпионатының 33 дүркін жеңімпазы және 13 дүркін Чили Кубогының иегері атанған.

    "Барселона" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Чили чемпионатының командасына ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.