Лондондық "Вест Хэм" футбол клубы "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Калвин Филлипсті жалға алғысы келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Фабрицио Романоның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Футбол инсайдері Фабрицио Романоның айтуынша, Давид Мойестің командасы "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысын маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Қос тарап арасындағы келіссөздер сәтті өтуде.
"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысын жалға беруі үшін 6 миллион еуро сұрап отыр. Ал "Вест Хэм" футболшыға жалақыдан бөлек бонустар төлеп отыруға дайын.
Еске салайық, осы маусымда Филлипс 10 матчта 1 голмен ғана көзге түсті. Оның "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін. Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы құнын 28 миллион еуроға бағалайды.
Англия ұлттық құрамасының ойыншысы 2014-2022 жылдары "Лидс Юнайтед" командасында ойнаған. Ал "Манчестер Ситиге" 2022 жылы келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057060-mancester-sitidin-tanymal-oiynsysy-basqa-komandaga-auysuga-kelisim-berdi/