jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Командадан кетуге тура келеді": "Барселона" футбол клубының бапкері мәлімдеме жасады

    Илкай мен Хави
    Илкай мен Хави. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

    "Барселонаның" бас бапкері Хави Испания кубогындағы жеңілістен кейін баспасөз маслихатында өзінің болашағы жайлы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ marca порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Барселона" қатарынан үшінші жыл аталмыш турнирдің финалына шыға алмай жүр. Бұл жолы клуб ширек финалда 2:4 есебімен "Атлетик Бильбао" командасынан жеңіліс тапты.

    "Егер біз маусымның соңына дейін бәсекелестікке жарамсыз болсақ, маған командадан кетуге тура келеді. "Барселонада" қалайда жүлдеге қол жеткізу керек, әйтпесе клубтан кетесің. Менің ойымша, біздің ұжым жас әрі талантты ойыншыларға толы", – деді Хави сұхбатында.

    Десе де Хави "Барселона" – "Атлетик Бильбао" ойынына көңілі толғанын айтты.

    "Сырт алаңда мықты командаға қарсы жақсы ойнадық. Жеребеде жолымыз болмады. Ал Ламиннің жеңіс голын соғатын мүмкіндігі болды. Біз тырыстық, сол үшін еңсемізді түсірмейміз. Жас ойыншылардың көмегімен барымызды салдық. Сабырлымын, алда әлі маңызды турнирлер күтіп тұр", – деп жауап берді бапкер.

    Хави "Барселонада" 2021 жылдан бері қызмет етеді. Оның клубпен келісімшарты ұзарту мүмкіндігімен 2025 жылдың 30 маусымына дейін. Аталмыш клуб өткен маусымда Хавидің басшылығымен Испания Суперкубогына ие болды.

    "Командадан кетуге тура келеді": "Барселона" футбол клубының бапкері мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.