Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубының қарызын кім өтеді

Опубликовано:

"Ордабасы" футбол клубы
"Ордабасы" футбол клубы. Фото: Mikolaj Barbanell/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының қарызы толықтай өтелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ордабасы" футбол клубының 4,2 млрд теңге қарызы әкімнің тапсырмасына сәйкес толықтай жабылған. Сондай-ақ "Ордабасы" УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджеттен осы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Осылайша шымкенттік команда Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болды.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлерімен кездесуде биыл қалада жаңа стадионның құрылысы басталатынын айтты.

"Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл “Бозарық” елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. "Қажымұқан" стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз", – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ "Ордабасы" клубының президенті Бауыржан Абдубаитов команда құрамын өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді. Ол 2023 жылдың басында ойыншылармен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалғанын, оның бұзылмайтынын және 2025 жылға дейін команда құрамының өзгермейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058154-ordabasy-futbol-klubynyn-qaryzyn-kim-otedi/

pixel