jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Месси Неймардың командасынан жеңіліп қалды

    "Әл-Хилал" – "Интер Майами" матчы
    "Әл-Хилал" – "Интер Майами" матчы. Фото: Francois Nel/Getty Images

    Бүгін, 30 қаңтарда "Әл-Хилял" мен "Интер Майами" футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сауд-Арабия астанасы Эр-Риядта жергілікті команда өз алаңында америкалық ұжым "Интер Майамиді" қабылдады. 90 минутқа созылған кездесу 4:3 есебімен "Әл-Хилал" командасының жеңісімен аяқталды.

    Матчтың 10 минутында Митрович есеп ашса, араға 3 минут салып Әл-Хамдан "Әл-Хилалдың" екінші голын соқты. Ал "Интер Майамидің" жаңа футболшысы Луис Суарес матчтың 34 минутында есеп қысқартты. Десе де бірінші таймның соңында Микаэль "Әл-Хилалдың" үшінші голын салды. Екінші тайм америкалық құрам үшін сәтті басталды. Месси 54 минутта пенальтиден көзге түссе, 1 минуттан кейін Лионелдің пасынан Руис мергендік танытты. Ал кездесудің жеңіс голын Неймардың әріптесі Малком соқты. Айта кетейік, Неймардың өзі бұл матчқа жарақатына байланысты қатыспады.

    Еске салайық, Месси бастаған "Интер Майами" 1 ақпанда Роналду ойнайтын "Әл-Насрға" қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

    Месси Неймардың командасынан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.