jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысады

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/aimbetov9507/

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында өнер көрсететін "Адана Демирспор" командасына ауысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ meta-ratings порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Meta-ratings порталының мәліметінше, Айымбетов "Адана Демирспор" клубында сенегалдық ойыншы М’Бая Ньянгтің орнын басуы мүмкін. Нянг Түркия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 8 голмен көзге түскен. Бірақ 29 жастағы футболшының "Адана Демирспордың" бас бапкерімен және басшылығымен арақатынасы бұзылып, нәтижесінде ойыншы 200 мың еуроға сатылатын болды. Meta-ratings порталы Нянг жақында италиялық "Эмполи" клубына ауысатынын жазды.

    Порталдың ақпаратына сүйенсек, Абат Айымбетов 31 қаңтарда медициналық тексеруден өту үшін және келісімшартқа қол қою үшін Қазақстаннан Түркияға ұшып кетті.

    Айта кетейік, Абат Айымбетов осыған дейін Қазақстан Премьер лигасының клубтарында өнер көрсеткен. Атап айтқанда "Астана" футбол клубының сапында өткен маусымда 25 матчқа қатысып, 8 рет мергендігімен көзге түсті және 3 рет нәтижелі пас берді. Соның арқасында елордалық команда Қазақстан Премьер Лигасында 2-орын алды. Ал Абаттың жаңа командасы қазір Түркия чемпионатында 8-орында келеді.

    Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.