Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде ойнайтын топ-5 қазақстандық футболшы

Опубликовано:

Бахтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/Getty Images

Бүгін, 7 ақпанда алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Артур Шушеначев израильдік "Хапоэль Беэр-Шева" командасына ауысты. KAZ.NUR.KZ тілшісі шетелде ойнайтын қазақстандық үздік футболшылардың тізімін ұсынады.

1. Бахтиер Зайнутдинов – "Бешікташ" футбол клубының ойыншысы

Бахтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Berk Ozkan/Anadolu via Getty Images

Бахтиер – "Тараз" футбол клубының тәрбиеленушісі. Кәсіпқой ойыншы мансабын да дәл осы клубтан бастаған. 2018 жылы елордалық "Астана" сапында өнер көрсетіп, ресейлік "Ростов" футбол клубына ауысты. Кейін 4 маусым бойы "ЦСКА" командасында жетілген ойыншыны Түркия Суперлигасының үздік ұжымдарының бірі "Бешікташ" сатып алды. Қазір Ыстамбулдық команда "Фенербахче" мен "Галатасарайдан" кейін 3-орында тұр. "Бешікташ" футбол клубының бапкері Фернанду Сантуш қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтың алаңдағы позициясына қатысты пікір айтқан еді. Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік нарықтағы құнын 6 миллион еуроға бағалап отыр.

2. Нұралы Әліп – "Зенит" футбол клубының ойыншысы

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Қазақстан ұлтық құрамасының 24 жастағы қорғаушысы кәсіпқой мансабының көп уақыт бөлігін алматылық "Қайрат" командасында өткізді. Тіпті 2020 жылы осы команда сапында Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанды. Ал 2021/22 жылғы маусымда ресейлік команда Әліпті бір жылға жалға алады. Десе де негізгі құрамнан орын алған футболшы кейін толыққанды келісімшарт жасасты. Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік нарықтағы құнын 3 миллион еуроға бағалап отыр.

3. Абат Айымбетов – "Адана Демирспор" футбол клубының ойыншысы

Абат Айымбетов
Абат Айымбетов. Фото: instagram/adskulubu

2 ақпанда Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының клубы, "Адана Демирспорға" ауысқан еді. Қос тарап 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты. Яғни Абат Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады. 28 жастағы шабуылшы осыған дейін, "Ақтөбе", "Қайрат", "Астана" футбол клубтарында ойнаған. Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік нарықтағы құнын 800 мың еуроға бағалап отыр.

4. Артур Шушеначев – "Хапоэль Беэр-Шева" футбол клубының ойыншысы

Артур Шушеначев
Артур Шушеначев. Фото: instagram/hbsfc

Артур соңғы жеті жыл бойы қазақстандық "Қайрат" сапында ойнап, 128 матч өткізіп, жергілікті турнирлерде 46 және еуропалық турнирлерде 16 гол соқты. Артур Қазақстан құрамасында алты матч, сондай-ақ жастар командаларында алты ойын өткізген. 25 жастағы шабуылшы "Қайрат" cапына 2017 жылдың көктемінде қосылып, сол маусымда негізгі команда құрамында дебют жасаған еді. Ал 2018 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алса, 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Артур Шушеначев израильдік клубпен үш жарым маусымға келісімшартқа отырды. Transfermarkt порталы Артур Шушеначевтің трансферлік нарықтағы құнын 600 мың еуроға бағалап отыр.

5. Георгий Жуков – "Цанчжоу" футбол клубының ойыншысы

Георгий Жуков
Георгий Жуков. Фото: Reinaldo Coddou H. - UEFA/UEFA via Getty Images

Жуков – Семей қаласының тумасы. Десе де кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын Бельгиядағы "Беерсхот" футбол клубынан бастаған. Алғашында дәл осы команданың 19 жасқа және 21 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепкен. Кейін 2014 жылы қазақстандық "Астана" футбол клубына жалға берілді. Осыдан кейін "Урал", "Қайрат", "Висла Краков" сияқты ұжымдарды өнер көрсетті. Ал 2022 жылы Қытай Суперлигасындағы "Цанчжоу" командасына ауысты. Transfermarkt порталы Жуковтың трансферлік нарықтағы құнын 600 мың еуроға бағалап отыр.

Аталмыш футболшылардан бөлек, тағы бірнеше қазақстандық жас ойыншылар шетелдік клубта ойнайды:

  • Дінмұхамед Сайын ("Самсунспор" U19);
  • Аламгир Смақов ("Бешікташ" U17);
  • Лев Скворцов ("Химки");
  • Александр Зуев ("Арсенал Тула");
  • Акмаль Бахтияров ("Челябинск");
  • Давид Есімбеков ("Черноморец");
  • Матвей Герасимов, ("Арсенал Дзержинск");
  • Денис Митрофанов, Мирас Көбеев (екеуі де – "Ислочь");
  • Данил Анкудинов ("Днепр Могилев");
  • Ілияс Әбіл ("Жил Висенте");
  • Дулат Талыспаев ("Кеге");
  • Дмитрий Непогодов ("Поделье Хмельницкий");
  • Ислам Юнусов ("Дордой");
  • Вадим Яковлев ("Бельц").

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2059644-setelde-oinaityn-top-5-qazaqstandyq-futbolsy/

pixel