Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" клубына ауысу себебін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24kz телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Абат Айымбетов шетелдік клубқа ауысу туралы шешімді отбасымен ақылдасқаннан кейін қабылдаған.
"Шетелде жүрген себебім, Қазақстанда көптеген командамен бірге чемпион атандым. Өзіме бір мотивация керек болды. Әрі қарай өсіп, көріп карьерадан кейін бір айтып жүретіндей, өкінбейтіндей болғым келді. Өз деңгейімді сынап көруді шештім", – деді Айымбетов.
Қазақстандық футболшы "Адана Демирспор" сапында алғашқы ойынын өткізіп, гол соққан еді. Бірақ оффсайд болғандықтан, төреші голды есепке алмады.
"Иә, өкінішке орай, голымды санамай қойды. Бірақ басы ащы болса, соңы тәтті болады деп ойлаймын", – деді Абат.
"Адана Демирспордың" техникалық директоры Хикмет Караман Абатқа ұзақ жолдан келе сала 1 күннен кейін матчқа қатысқаны үшін алғыс айтты.
"Абат – мінезді жігіт. Өте сыпайы. Біздің қақпашымыз – Әзербайжан өкілі. Ол аудармамен кейде Абатқа көмектеседі. Қақпашымыз Қазақстанды жақсы біледі. "Астана" командасының және ұлттық құраманың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізген", – деді Хикмет Караман.
Еске салайық, осыған дейін Абат Айымбетов Түркия чемпионатында өнер көрсететін "Адана Демирспор" командасына ауысқанын жазғанбыз. Қос тарап 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты. Кейін Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды.
Айта кетейік, "Адана Демирспор" клубы қазір Түркия Суперлигасында 8-орында келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060102-motivaciya-kerek-boldy-abat-aiymbetov-seteldik-klubqa-nege-auysqanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.