Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде өтеді

Опубликовано:

"Ордабасы" футбол клубы
"Ордабасы" футбол клубы. Фото: Mikolaj Barbanell/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ресми сайтында ел Суперкубогы үшін матч Түркияның Анталия қаласында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

ҚКФЛ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Суперкубогы-2024 алғаш рет республикадан тыс жерде өтеді. 17-ші рет ұйымдастырғалы жатқан айтулы бәсекенің басты кубогын ақпанның 25-і Анталияда (Түркия) ел чемпионы "Ордабасы" мен Қазақстан кубогының иегері "Тобыл" ФК өзара сарапқа салады.

Сондай-ақ Еуропаның үздік футбол лигаларында Суперкубокты шет елде өткізу бұрыннан бар тәжірибе. Мысалы, Франция Суперкубогының чемпионы 2009-2022 жылдар аралығында 8 мемлекетте анықталды. Ал Италия Суперкубогының жеңімпазы 6 елде белгілі болды. Сонымен қатар Испания Суперкубогының ойындары кейінгі 3 жылда Сауд Арабиясында өткен болатын.

"Біздің идеямыз – Суперкубокты алғаш рет шетелге шығару және оған халықаралық сипат беру. Біз қазақстандық футболдың өрлеуіне куә болып отырмыз және біздің жетістіктерімізді әлемде ерекше қызығушылықпен бақылайды. Бұның бәрі ұлттық құраманың нәтижелерімен тығыз байланысты. Футболшыларымыз наурыз айында ЕУРО-2024 турнирінің плей-офф кезеңі аясында Грекиямен маңызды ойынын өткізеді.

Біз футболшыларымыздың осы ойынға жақсы күйде болғанын қалаймыз. Сондықтан Анталиядағы Суперкубок ойыны маңызды аспектілердің бірі ретінде саналмақ. Бұл қаланы таңдаудағы себебіміз, қаңтар айынан бастап, көптеген отандық клубтардың оқу-жаттығу жиындарының өтуіне байланысты", – деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян.

Ойын "Титаник Мардан" стадионында өтеді. Бұған дейін бұл алаңда Қазақстан ұлттық құрамасы мен өзге елдер бірнеше рет достық кездесулерін ұйымдастырған.

Бұл стадион бұрын "Антальяспор" клубының жаттығу базасы саналатын. Ол футбол алаңында футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты болған. Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де) басталып, отандық Qazsport республикалық телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060296-setelde-algas-ret-futboldan-qazaqstan-superkubogy-usin-matc-otedi/

pixel