Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIFA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған рейтингтегі алғашқы 10 орын өзгеріссіз қалды. Қазақстан құрамасы 100-орыннан қозғалған жоқ. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен Тәжікстан 99-орынға көтерілсе, Қырғызстан 104-орынға төмендеді. Ал Өзбекстан құрамасы 2 сатыға жоғарылап, 66-орынға табан тіреді. Түрікменстан 141-орнын сақтап қалса, Әзербайжан 1 сатыға көтеріліп, 113-орынға жайғасты.
FIFA қауымдастының жаңартылған рейтингі:
- 1. Аргентина;
- 2. Франция;
- 3. Англия;
- 4. Бельгия;
- 5. Бразилия;
- 6. Нидерланд;
- 7. Португалия;
- 8. Испания;
- 9. Италия;
- 10. Хорватия;
- 38. Ресей;
- 66. Өзбекстан;
- 99. Тәжікстан;
- 100. Қазақстан;
- 104. Қырғызстан;
- 113. Әзербайжан;
- 141. Түрікменстан.
Еске салайық, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 700 клубының рейтингін жасаған еді. Бұл тізімде "Астана" командасы 39 сатыға төмендеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2061198-futboldan-ulttyq-quramalardyn-reitingi-zanardy-qazaqstan-nesinsi-orynda/